USD
USD
USD

Алматыда сауда үйінен адамдар эвакуацияланды

Алматы қаласында "Адем" сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламадан кейін ғимараттан адамдар шұғыл эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматыда сауда үйінен адамдар эвакуацияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 09:59 шамасында жедел басқару орталығына "Адем" сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.

"Қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметтері алғашқы ден қою шаралары аясында ғимаратта тексеру жүргізді. Келушілер мен сауда үйінің қызметкерлері эвакуацияланды", - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Белгілі болғанындай, ғимаратты тексеру кезінде жарылыс құрылғылары табылған жоқ.

"Қазір полиция жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар таратқан адамды анықтап жатыр. Ол қылмыстық жауапқа тартылады", - деді Салтанат Әзірбек.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық