USD
USD
USD

Алматыда самокат мінген қыз көліктің есігіне соғылып, қайтыс болды

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға сағат 8:05 шамасында Марков көшесінің бойында болған.

Алматыда самокат мінген қыз көліктің есігіне соғылып, қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE.  27 жастағы қыз электросамокатпен жолда көлік арасымен келе жатқан. Кенеттен Nissan Patrol көлігінің есігі ашылған. Сол кезде самокат мінген қыз тоқтап үлгермей қатты жылдамдықпен есікке соғылған.

«Nissan Patrol көлігінің жүргізушісі көлігін тоқтатып, есігін ашқан сәтте самокат теуіп келе жатқан 27 жастағы қыз жылдамдықты игере алмай, қатты екпінмен көлікке келіп соғылған. Оқиға салдарынан зардап шеккен бойжеткен орталық қалалық ауруханаға жеткізілгенімен, бірнеше сағаттан соң алған жарақатынан қайтыс болды», делінген ПД хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт