USD
USD
USD

Алматыда салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді

Алматы қаласында салмағы 6,2 келі, бойы 66 сантиметр нәресте дүниеге келді.

Алматыда салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кішкентай алып Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына кесар тілігімен дүниеге келді. Оның салмағы 6 келі 280 грамм, бойы 66 см.

«Тұңғыш баласын өмірге әкелген 20 жастағы ананың жағдайы қазір қанағаттанарлық. Сәби анасының қасында. Жаңа туған нәрестенің денсаулығы өте жақсы, ол дәрігерлердің бақылауында», – деді орталық директоры Гүлнар Нұрланова.

Директордың айтуынша, бұл Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында мұндай салмақпен туған алғашқы оқиға.

«Бізде аналар үлкен салмақпен сәбилерді дүниеге әкеп жатады. Соңғы рет салмағы 5, 8 келі нәресте дүниеге келген болатын. Бірақ біздің Орталықта 6 келі 280 грамм бірінші рет болып отыр», – дейді Гүлнар Нұрланова.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе