USD
USD
USD

Алматыда салмағы 6,2 келі нәресте өмірге келді

Алматы қаласында салмағы 6,2 келі, бойы 66 сантиметр нәресте дүниеге келді.

Алматыда салмағы 6,2 келі нәресте өмірге келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кішкентай алып Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына кесар тілігімен дүниеге келді. Оның салмағы 6 келі 280 грамм, бойы 66 см.

«Тұңғыш баласын өмірге әкелген 20 жастағы ананың жағдайы қазір қанағаттанарлық. Сәби анасының қасында. Жаңа туған нәрестенің денсаулығы өте жақсы, ол дәрігерлердің бақылауында», – деді орталық директоры Гүлнар Нұрланова.

Директордың айтуынша, бұл Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында мұндай салмақпен туған алғашқы оқиға. «Бізде аналар үлкен салмақпен сәбилерді дүниеге әкеп жатады. Соңғы рет салмағы 5, 8 келі нәресте дүниеге келген болатын. Бірақ біздің Орталықта 6 келі 280 грамм бірінші рет болып отыр», – дейді Гүлнар Нұрланова.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Дипфейк