USD
USD
USD

Алматыда салынып жатқан 12 қабатты тұрғын үй кешені сүрілетін болды

Алматыда сот заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенін бұзу туралы шешім шығарды.

Алматыда салынып жатқан 12 қабатты тұрғын үй кешені сүрілетін болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 18 наурыздағы қаулысымен Алматы қаласы әкімдігінің талап арызын қанағаттандыру және Шұғыла шағын ауданы, Байтелі батыр көшесі, 24 мекенжайы бойынша заңсыз салынып жатқан 12 қабатты көппәтерлі үйді бұзу туралы шешім қабылданды. "АРТ-ТЕХНОСС" ЖШС-мен сот ісі өткен жылдың маусымынан бері жалғасып келген.

Бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасы азаматтардың өтініштері негізінде тексеру жүргізген болатын. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заңбұзушылық анықталды, әкімшілік хаттамалар жасалды.

Одан кейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына "АРТ-ТЕХНОСС" ЖШС-не заңсыз салынып жатқан объектіні бұзу туралы талап арыз берілді.

"Соттың 2021 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды. Осыдан кейін Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым берілді, 2022 жылғы 18 наурызда талап қанағаттандырылды", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

40 жаста жүзуді бастаған қазақ қызы Балқаштың 21 шақырымын қалай бағындырды?

Балқашты жүзген қазақ әйелі

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай