USD
USD
USD

Алматыда Сайран су қоймасын алғаш рет тазартып жатыр

Сайран көлін қоқыс пен лайдан тазарту басталды, леп хабарлады Алматы әкімдігі. 

Алматыда Сайран су қоймасын алғаш рет тазартып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Су қоймасының түбі мен жағалауын лайдан, қамыс пен қоқыстан  механикалық тазарту жүріп жатыр. Бұрын мұндай жұмыс жүргізілмеген.

Су қоймасының жалпы ауданы 162 мың шаршы метр, тазарту жұмыстарына 35 жұмысшы жұмылдырылған.

Тазалау жобасы аясында мыналар қарастырылған:

- түбін тереңдету;

- батыс жағалауды реттеу;

- өзен арнасын тұрақтандыру;

- жағажайларды тазарту;

- сол жағалаудағы пирсті жөндеу.

Механикалық тазарту мамыр айының соңында аяқталады. Биыл сәуір айында Әуежай мен Қарасу көлдерінде осыған ұқсас жұмыстар жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті