USD
USD
USD

Алматыда Сайын көшесінің батыс бағытында жөндеу жұмысы аяқталды

Алматыда биыл жолдарды орташа жөндеу жоспары аясында Сайын көшесіне Үлкен Алматы каналы бойынан Мөңке би көшесіне дейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір жолдың батыс жағында жөндеу жұмысы аяқталды, қозғалыс ашық. Келесі кезеңде жолдың шығыс жағы орташа жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.

Алматыда Сайын көшесінің батыс бағытында жөндеу жұмысы аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен Сайын көшесінде ҮАК бойынан Мөңке би көшесіне дейін орташа жөндеу жүргізу кезінде көлік жүру қабілетін арттыру үшін мынадай шаралар қабылданады:

- 23 шілде сағат 21:00-ден 25 шілде сағат 07:00-ге дейін жолдың шығыс жағында толық жабылатын полимерлі асфальтбетон жабындысын төсеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

- қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік полицияның 6 экипажы жұмылдырылады, сағатына 40 шақырым жылдамдықты шектеу белгісі орнатылады. Жолақ ретінде конус типті шағылысушы чиптер қойылады.

«Реверсивті қозғалыс басталар тұста екі қапталынан да көліктің арасын бөлетін қоршаулар болады. Жол жөндеу жұмыстары туралы соңғы ақпарат қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында. Сондай-ақ 2GIS қосымшасында көрсетілген», - делінеді әкімдіктің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты