USD
USD
USD

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады.

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Роза Тәжібайқызы Бағланованың құрметіне арналған ескерткіш Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігінде, Байсейітова көшесінің шығыс жағында орнатылады.

«12 наурызға дейін Роза Тәжібайқызы Бағлановаға арналған ең жақсы ескерткіштің жобасын жасауға ашық конкурс жарияланды. Қазіргі уақытта монументалды өнердің құру процесі жүріп жатқан соң бюджет 2021 жылдың екінші жартысында қаралатын болады. Әзірге ескерткіш салуға қанша қаражат жұмсалатыны белгісіз», - деді басқармадан.

Роза Бағланова – кеңестік, қазақстандық опера және эстрада әншісі, КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық қаһарманы.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған