USD
USD
USD

Алматыда Рамазан айында күн сайын 500 адамға дастархан жайылады

Алматы мешіттерінде қасиетті Рамазан айын атап өту үшін арнайы жоспар бекітілді, деп хабарлайды Sputnik.

Алматыда Рамазан айында күн сайын 500 адамға дастархан жайылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соған сәйкес, қаладағы 52 мешіттің 47-сінде тарауих намазында құран хатым түсіріледі. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мәлімдеді.

Қалған 5 мешітте тарауих намазы құран хатымсыз оқылады.

"Рамазан – құран айы. Сол себепті осы айда қала мешіттерінде құран әліппесі мен намаз үйрету курстары жүргізіледі. Сондай-ақ Алматы орталық мешітінде "Рамазан шатыры" құрылып, күнделікті 500 кісіге ауызашар дастарханы жайылады. Сондай-ақ, қала мешіттерінде де ауызашар беріледі", - деді қаланың бас имамы.

Төлеби Оспанның айтуынша, Оразаның алғашқы күні жұртшылыққа ораза айының келгенін сүйіншілеу мақсатында "Қош келдің, Рамазан!" айдарымен қала көшелерінде 100 000 дана су мен құрма таратылады. Бұл шараға имамдар бастаған жастар мен блогерлер жұмылдырылады.

Сондай-ақ "Жақыныңа сыйлық сыйла" және "Жарапазан" эстафеталары ұйымдастырылады.

Оразаның алғашқы күні жұма намазынан кейін қала мешіттерінде "Оразаға қатысты сауалдарға жауап беру алаңы" деген атпен жамағаттың діни сұрақтарына жауап беру шарасы өткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы