Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда ПТР-тест сатқандар ұсталды

Алматыда коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тестінің 9 мыңнан астам данасын заңсыз сатқандар ұсталды.

Алматыда ПТР-тест сатқандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті хабарлады.

Aлматы, NEGE. Аталмыш комитеттің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қалалық Полиция департаменті және МКД қызметкерлерімен бірге 7 шілде күні жедел-іздестіру шараларын өткізіп, коронавирусқа ПТР-тестілерді сатқан адамдарды ұстаған. Оларда кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат құжаттары болмаған. «Ұсталған тұлғалар жалпы сомасы 32 900 000 теңгеге 7000 ПТР-тестіні заңсыз сатпақ болғаны анықталды. Тексеріс барысында автокөліктен ҚХР өндірілген тағы 2225 ПТР-тесті анықталып, тәркіленді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 214-бабы 1-бөлігіне (заңсыз кәсіпкерлік) сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды», - делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш