USD
USD
USD

Алматыда полиция қызметкерлері 35 түп көшет отырғызды

Алматыда «Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына» орай ұйымдастырылған «Көшет отырғызу» науқанын Алматының полиция қызметкерлері қолдады, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Алматыда полиция қызметкерлері 35 түп көшет отырғызды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Жергілікті әкімдік өкілдерінің көмегімен Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы және Әуезов аудандық Полиция басқармасы мен бөлімшесінің қызметкерлері «Мамыр-2« ықшам ауданында көшеттер отырғызды.

Аталған шараға ауданның тұрғындары да қолдау көрсетті. Мақсаты – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, жаңа жасыл аймақтарды абаттандыру болды.

Шараға қатысушылар мұндай науқанның жыл сайын қарқын алып, оған бейжай қарамайтындардың қатары көбейеріне сенімді.

Шараға 35 адам қатысып, 35 түп қайың көшеті отырғызылды.

Полиция барлық қатысушыларға «Есірткіге бірге қарсымыз» және «Назар аударыңыз! Бей-жай қарамаңыз» жадынамаларын таратты.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet