USD
USD
USD

Алматыда полицейге жұдырық ала жүгірген ер адам қамалды

Алматыда полицейге жұдырық ала жүгірген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда полицейге жұдырық ала жүгірген ер адам қамалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 19 желтоқсан сағат 03:20-да Достық даңғылы мен Снегин көшесінің қиылысында патрульдік полицияның мамандандырылған батальонының экипажы жүргізушісінің іс-әрекеті күдікті болып көрінген Toyota автокөлігін байқады. Қолданылған шаралардың арқасында көлік тоқтатылды. Көлік ішінде жүргізуші мен төрт жолаушы болған, олар бірден теріс қылық көрсетіп, мас күйде полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбады.

Сонымен қатар ер адамдар өздерінің заңсыз әрекеттері себебінен тоқтатылған Toyota Camry көлігінің жүргізушісіне қашып кетуге көмектесті. Ол да мас күйінде рөлге отырған болуы мүмкін. Соның салдарынан жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндірген. Жүргізушінің жеке басы анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ құқық бұзушылардың бірі заңды талапқа бағынбай, полиция қызметкерінің бетінен ұрған.

Оның бұл әрекеттері ҚР ҚК-нің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша квалификацияланады. Сонымен қатар оқиғаға қатысушылардың барлығына қатысты ҚР ҚК-нің 379-бабы (Билік өкіліне бағынбау) бойынша қылмыстық іс тіркелді және ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) және ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік материалдар жинақталды.

Полиция қызметкеріне қол көтерген ер адам қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар