Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда пневмониямен ауырғандар саны азайды

Соңғы айда Алматыда пневмониямен ауырғандардың саны екі есеге азайды. Сонымен қатар коронавирус инфекциясына арналған стационарларға түскен науқастар да сиреген.

Алматыда пневмониямен ауырғандар саны азайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы онлайн-брифингте Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров айтты. Дегенмен, жағдайдың тұрақталғанына қарамастан мегополисте қосымша орындар дайындау жалғасуда. Осы аптада бірнеше демалыс үйлері қайта жабдықталған болатын. Сонымен қатар жақын уақытта 500 орынға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылады. Нысан коронавируспен емдеудің бірінші деңгейі бойынша жұмыс істейді. Жалпы, қалада науқастарға арналған орынды 7 мың 700-ге жеткізу жоспарланған.

Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров: "Бұған дейін науқастардың жағдайына қарай стационарларды бөлу тәртібін жариялаған болатынмын. Ең басты міндет өлім санын азайту. Бұл үшін реанимотология және анестезиология орталығы жұмыс істейді. Орталықтың тиімділігін байқадық. Өте ауыр және ауыр жағдайдағы науқастардың саны азайды. Атап айтқанда, 100-ден аса адамның жағдайын тұрақтандырып, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстыруға қол жеткіздік" деді.

Қазір оқып жатыр

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG