USD
USD
USD

Алматыда перинаталдық орталықтың бұрынғы директоры 27,3 млн айыппұл төледі

Пара алғаны үшін сотталған Алматы перинаталдық орталығының бұрынғы директоры 27,3 млн теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда перинаталдық орталықтың бұрынғы директоры 27,3 млн айыппұл төледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылдың маусым айында №2 Бостандық аудандық соты Алматы қаласының перинаталдық орталығының бұрынғы бас дәрігеріне қатысты қылмыстық істі қарады. Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 4 -тармағы (пара алу) бойынша сотталды. «Сот барысында сотталушы Ғ.Б кінәсін толық мойындады, істеген ісіне өкінді, сонымен қатар процессуалдық келісімге келді, сол бойынша 6 ай ішінде 35 есе айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сот үкімімен ол мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте және оның департаменттерінде, реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдарында лауазымды орында отыру мүмкіндігінен айырылды», - деп хабарлады №2 Бостандық аудандық сотынан. Бүгінгі күні ол 27,3 млн теңге көлеміндегі айыппұлды толық төледі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков