USD
USD
USD

Алматыда пәтерден үш адамның мәйіті табылды

Алматы облысының полицейлері үш адамды өлтіру қылмысын ізін суытпай ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда пәтерден үш адамның мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 24 ақпан күні таңертең тұрғын үй пәтерлерінің бірінде зорлықпен өлтірілген 3 адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен. Полицейлер қаза болғандардың тұлғасын анықтады. Көз жұмғандардың барлығы бейәлеуметтік өмір сүру дағдысын ұстанған және ішімдікке әуес болған. Қылмысты жасады деген күдікпен олардың танысы ұсталды. Сол күні барлығы қосылып, спиртті ішімдік ішкен. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Ал қылмыс құралын лақтырып жіберген. Бірақ полицейлер оны бір тәулік ішінде іздеп тапты. Ол қылмысын мойындады. Күдікті бұған дейін бұзақылық үшін істі болған Ескелді ауданының 26 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта уақытша ұстау абақтысына қамалды, айғақзат тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды.

Қазір оқып жатыр

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы