USD
USD
USD

Алматыда пәтер тонап келген ұрылар ұсталды

Жамбыл облысынан келген қонақтар қала аумағында пәтер ұрлығымен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда пәтер тонап келген ұрылар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қаскөйлер ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде олардың қала орталығындағы екі пәтер ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды. “Шақырылмаған қонақтарды” тек ақша қызықтырды: алтын, аң терісі бұйымдары, сонымен қатар, цифрлық технологиялар, оларды мүлдем қызықтырмады. Белгілі болғандай, оңай ақшаны ұнататын адамдар басқа адамдардың үйіне кілт таңдау арқылы кірген. Олар тек таңертең жұмыс жасады. Пәтер иелерінің жұмысқа кететін уақытын күткен. Олар кеткеннен кейін бірден үйге кірген. Сонымен қатар, қаскөйлер тағы бір қылмыс жасағаннан кейін жасырынуға тырысқаны және олар мүмкіндік болса, тіпті өз қалаларына кетіп қалғаны белгілі болды», – деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Анвар Тұрысбеков. Күдіктілер – 1986 жылы туған А.есімді, 1996 жылы туылған М.есімді және 1992 жылғы С.есімді азаматтар қамауға алынды. Олардың басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Көлік өртенді

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Пасха

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Хан шатыр