Алматыда пара беруге түрткі болған тұрғын ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерді пара беруге итермелеген Алматы қаласының тұрғынын әшкереледі.
Алматы, NEGE. Ол өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстыра отырып, кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқандығы туралы жалған ақпарат берген. Күдікті өзінің делдалдық қызметтерін ұсынып, мәселені шешу үшін 390 мың АҚШ долларын талап еткен.
Кәсіпкер алаяқтық әрекеттерге бой алдырмай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінгеннен кейін, күдікті ақшаны алу кезінде ұсталды.
Сондай-ақ, аталған азаматтың тұрғылықты жерін тінту кезінде қосымша 470 мың АҚШ доллары табылды.
Олардың қайдан алынғаны және ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Сот күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын тағайындады. Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Қазір оқып жатыр
«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді
2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды
АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды
Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ