USD
USD
USD

Алматыда өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған алаяқ ұсталды

Алматыда өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі ретінде таныстырған алаяқ ұсталды.

Алматыда өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған алаяқ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Алматыда өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі ретінде таныстырған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы желтоқсанда өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырып, сенімге кіру және алдау арқылы ақша ұрлаған алаяқ анықталған.

"Ол О.М.Базарбайдан Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарауындағы М.Сүлейменге қатысты қылмыстық іс бойынша қылмыстық жазаны жеңілдету үшін Алматы прокуратурасы мен сотының лауазымды тұлғаларына беремін деген сылтаумен бес миллион теңгені алып кеткен. 2021 жылдың ақпанында М.Сүлеймен 10 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Күдікті ұсталып, Алматы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның кінәсі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

Қазір оқып жатыр

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев