USD
USD
USD

Алматыда өз пәтерінен әйел мен екі баланың мәйіті табылды

Алматыда "Мамыр" шағынауданында пәтерлердің бірінде 34 жастағы әйел мен жеті және екі жасар екі баланың мәйіті табылды.

Алматыда өз пәтерінен әйел мен екі баланың мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, 6 тамыз күні жедел басқару орталығына бірден үш адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. 

"Мамыр" шағынауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 2015, 2020 жылы дүниеге келген екі баласының мәйіті табылды", - деп хабарлады департаменттен. 

Оқиға орнына тергеу-жедел тобы шықты. Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров тергеу барысын жеке бақылауына алды. 

Сот-медициналық зерттеу тағайындалды. Тергеу жұмыстарының барысы туралы қосымша хабарланады. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жас әйел мен екі баланың денесін іссапардан оралған күйеуі тапты деген ақпарат тараған болатын.

Қазір оқып жатыр

Францияда Temu және басқа маркетплейстердегі тауарларға қосымша салық енгізілді

Temu

Қазақстан экономикасы тек мұнайға тәуелді емес: шетелдік сарапшылар инвестиция көлемі мен өнеркәсіптің өскенін атап өтті

Бизнес

«7 айда жауап алуға екі-ақ рет шақырды»: Алматыда журналист Гүлнар Бажкенованың соты басталды

Гүлнар Бажкенова

Терроризмге қарсы қорғанысты әлсіреткені үшін 263 басшы айыппұл арқалады

Терроризмге осал нысан