USD
USD
USD

Алматыда Отбасы күніне орай тегін тестілеу өтеді

Алматы қаласының әкімдігі «Зор Рух» қайырымдылық қорымен бірлесіп, Халықаралық Отбасы күнін мерекелеу аясында қазақстандықтар үшін онлайн режимде бірқатар іс-шараларды іске қосты.

Алматыда Отбасы күніне орай тегін тестілеу өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған іс-шараның мақсаты –отбасылық құндылықтарды нығайту, сондай-ақ тұлғалық рухани жағынан дамуға көмек көрсету. «Рухани жаңғыру» бағдарламасында қоғамдық сананы жаңғыртуға, мәдени кодты нығайтуға және рухани дамуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өткен жөн.

Отбасылық өмірге дайындық деңгейін анықтау үшін онлайн-тестілеу өтеді (https://forms.gle/kdWhvvSjKCnQx67q9), ол жастардың некеге деген көзқарасын бағалауда жәрдем беріп, саналы көзқараспен отбасын құруға мүмкіндік береді. Тестілеу қорытындысы бойынша балл түріндегі нәтижелер, сондай-ақ тұлғалық дамуы үшін пайдалы әдебиетке қол жеткізу, отбасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту қолжетімді болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 15 мамырында сағат 15.00-де жастарға, отбасылық жұптарға өз-өздерін түсінуге және бір-бірін жақсы түсінуге көмектесетін отбасылық қарым-қатынас тақырыбына тегін онлайн семинар-тренинг өткізіледі. ҚР Кәсіби психологиялық лигасы мен Ұлттық тренерлер пулының мүшесі Даниил Файзуллаев өзінің Instagram парақшасында тікелей эфир өткізеді (https://instagram.com/danil_faizullaev), сұрақ қою және жауап алу мүмкіндігі болады. Іс-шара жастардың неке-отбасы қатынастарын құру мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.