USD
USD
USD

Алматыда отандық бизнесті қолдау бойынша кездесу өтті

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп отандық тауар өндірушілермен дөңгелек үстел өткізді.

Алматыда отандық бизнесті қолдау бойынша кездесу өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу барысында жергілікті кәсіпкерлер түрлі сипаттағы мәселелерді көтерді.

Олардың қатарында отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі, айыппұл санкцияларының болмауы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде қолдау тетігінің жоқтығы.

Спикерлер атап өткендей, бүгінгі таңда отандық тауар өндірушілерді қолдау жұмыспен қамтуды сақтау мен экономикалық өсудің басты өлшемдерінің бірі болып табылады. Ал мемлекеттік сатып алудағы жүйелік проблемалар жергілікті кәсіпорындарға олардың әлеуетін толық пайдалануға кедергі келтіреді.

Осы кемшіліктерді жою мақсатында кәсіпкерлер арасында заңнамаға өзгерістер мен толықтыруларды одан әрі енгізу үшін пікір және ұсыныстар алмасу мақсатында жұмыс тобы құрылды.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған