USD
USD
USD

Алматыда өрт сөндіруші-құтқарушының муралы пайда болды

Алматыдағы Шаляпин мен Саин көшелерінің қиылысындағы бес қабатты үйдің қасбетінде қабырға суреті пайда болды.

Алматыда өрт сөндіруші-құтқарушының муралы пайда болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қабырғада ат үстіндегі қазақ батырының от элементімен күресіп жатқаны бейнеленген. Бұл батылдық пен ержүректіліктің белгісі.

Қабырғада азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында күн сайын өз өмірін қатерге тіккен өрт сөндіруші-құтқарушылардың ерен еңбегі бейнеленген.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қабырға суретін жасау идеясының мақсаты - тұрғындардың назарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға аудару, қоғамда өмір қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының имиджін жақсарту.

- 8 айда алматылық құтқарушылар 1,8 мың өртті сөндірді, төтенше жағдайлардан 327 адам эвакуацияланды. Сонымен қатар өрт кезінде және қаланың су айдындарынан 144 адам құтқарылды. Оның 17-сі - балалар, - деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

6 қыркүйекте қалада бірнеше өрт шықты.

Қазір оқып жатыр

ЖСДП бензин сапасын бақылауды күшейтуді ұсынды

бензин сапасы

ОСИ төрағалары бұрынғы басшыға тәуелді болып қалуы мүмкін – Смышляева

Екатерина Смышляева

«40 млн теңге материалдық сыйақы алған»: Көлік саласындағы екі шенеунік қамауға алынды

шенеунік ұсталды

Under Armour Қазақстан ұлттық құрамасының жасанды формасын әзірлегендерді анықтауға кірісті

Ұлттық құрама