USD
USD
USD

Алматыда оқушыларды Ресей патриотизмі жайлы фильмге апарған мектеп директорына сөгіс жарияланды

7 желтоқсанда Алматыдағы "Цезарь" кинотеатрында оқушыларға "Россия. Нам 30 лет" атты деректі фильм көрсетілген. Бұл фильмді көруге Алматы қаласындағы №132 гимназияның 8б және 8в сынып оқушылары барған. Ал оқушыларды фильмге апарған – гимназия директоры, -  деп хабаралады Halyq-uni.

Алматыда оқушыларды Ресей патриотизмі жайлы фильмге апарған мектеп директорына сөгіс жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы Руслан Түсіпбек жазды.

"№132 гимназия директорына сөгіс жарияланған. Бірақ бұл аздық етеді. Оны және Алматы қаласы білім басқармасының басшысын алдымен қызметінен босату керек. Мемлекеттік органдарды бұл жағдайға бей-жай қарамай, қатаң шешім қабылдауға шақырамын. Кінәлілердің бәрін жауапқа тарту керек. Фестивальді тоқтату керек және Россотрудничество агенттігінің кез келген бастамасынан бас тарту керек. Біз Ресейдік провинциясы емеспіз", - деп жазды Руслан Түсіпбек.

Ал 20 жылдан астам уақыт киноклубқа жетекшілік етіп келе жатқан Олег Борецкий "Цезарь" кинотеатрында болған жағдайға еш қатысы жоғын айтқан.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық