USD
USD
USD

Алматыда оқ тиген 29 адамды полиция тергеу изоляторына қамап қойған

Адам құқығын қорғау ұйымы өкілдері мен тәуелсіз құқық қорғаушыларға жаппай ереуіл кезінде ұсталып, қамалған жандармен жүздесуге рұқсат берілді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Алматыда оқ тиген 29 адамды полиция тергеу изоляторына қамап қойған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Түсіндіріп өткен жөн болар, бір қылмыстық іс бойынша бірнеше адам, яғни сыбайлас қатысушылар болуы мүмкін. Бұл деректер әлі де түпкілікті емес. Олар прокуратурамен ұстау негіздерін тексеру және сотта қамауға алу істерінің қаралу нәтижесіне байланысты. Атап айтқанда, 29 ұсталған тұлғаны сот қамауға алуға бас тартқан, олар қазір босатылды. Прокурорлар қамауға алынғандарды күнделікті тексеруде», - деді ол.

Бас прокуратура өкілінің айтуынша, айыбы жоқ 96 адам уақытша ұстау изоляторларынан босатылған.

«Прокурорлар Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторын тексеру кезінде дене жарақаты бар 73 адамды анықтады. Оның ішінде үшеуіне қатысты бұлтартпа шарасы өзгертілді, олар қазір бостандықта. Біздің нұсқаумен ұсталғандардың арасында оқ жарақатын алған 29 адам қалалық ауруханаға жатқызылды. Қамауға алынып, жарақат алған 41 жан тікелей изоляторда ем алуда. Қатыгездікпен қарау, сондай-ақ медициналық көмекті көрсетпеу ықтимал жағдайларын тәуелсіз тексеру мақсатында адам құқықтары жөніндегі уәкіл және басқа да адам құқығын қорғау ұйымдарына ұстау мекемелеріне кіруге рұқсат берілді», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: прокурор жүргізушіге қандай жаза сұрады?

апат

Түркістан облысы егіздер мен үшемдер саны бойынша көш бастады

егіздер

Машинист темір жолда жалғыз жүрген бес жасар баланы аман алып қалды

пойыз

Қазақстанда қатерлі ісіктің емі табылғаны рас па?

больница