Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда "Нью-Йорк" штамы табылды деген қауіп анықталды

Алматыда "Нью-Йорк" штамы табылды деген қауіп анықталды. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.

Алматыда "Нью-Йорк" штамы табылды деген қауіп анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы өткен аптадан бері оң нәтиже көсеткен ПТР-сынамаларынан күнделікті скрининг жүргізіліп жатқанын айтты.

"Қалада алғаш рет "Нью-Йорк" штамы табылды деген қауіп бар. Бұл штамм түрі қыста Нью-Йоркте дүрбелең тудырған болатын. Талдау секвенирлеуге бағытталған", - деді Бекшин.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда алғаш рет үнді штамы анықталған болатын. Бекшин қазақстандық вакцина коронавирустың кез келген түрінен қорғауға қабілетті екенін айтып, тұрғындарды вакцинацияға шақырған болатын.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда 54 сынаманың 30-ынан үнді штамы табылды деген қауіп анықталғаны хабарланған болатын. ВАК қазірдің өзінде санитария дәрігеріне карантинді күшейтуді және қызмет көрсету саласындағы вакцина алмаған қызметкерлерге шектеулер енгізуді ұсынды.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov