USD
USD
USD

Алматыда нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полицей жұмыстан қуылды

Жол қозғалысы ережесін бұзған полиция қызметкері ішкі істер органдарынан босатылды, деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Алматыда нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полицей жұмыстан қуылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық полиция департаментінің тәртіптік комиссиясының шешімімен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің инспекторы, полиция аға лейтенанты К. Иманқұлов қызметінен босатылды.

Сондай ақ оның тікелей басшысы — взвод командирі де қызметінен кетті. Сонымен қатар, бөлімшенің тағы екі басшысына тәртіптік жаза қолданылды.

«Заң барлығына бірдей және қатаң сақталуы тиіс. Кездейсоқ адамдарға біздің қатарымызда орын жоқ: мұндай заңсыз әрекеттерімен олар ерте ме, кеш пе, өздерін көрсетеді. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызметке жүрек қалауымен келгендер ішкі істер органдарында қалады», - дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Сонымен қатар, полициядағылар жол қозғалысы ережелерін бұзған К.Иманқұловқа қатысты бес әкімшілік хаттама толтырылғанын атап өтті.

Еске салайық, бүгін Алматы мен Алматы облысы шекарасында нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкерінің видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.


 

 

 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе