USD
USD
USD

Алматыда неше базар жаңарады?

2020 жылы Алматының алты базары модернизациядан өтеді. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді. 

Алматыда неше базар жаңарады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, қаладағы бес базарға қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, бұл жобалар қазірдің өзінде мақұлданған. Атап айтар болсақ, «Сары-Арқа», «Ақсай-4» ықшам ауданындағы «Арыстан», Төле би көшесіндегі «Тұлпар», «Береке» базары, сондай-ақ Солтүстік айналма жолының бойындағы «Үшқоңыр» мен «Өжет» базарлары модернизациядан өтеді.

Әзірге «Жібек жолы» автокөлік базары иелерінің жобасын билік тарапы мақұлдаған жоқ. Бұған дейін, Еркебұлан Оразалин Никольский базарының иелері тұрғын үй салатынын айтқан болатын. Кейін Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Никольский базарының орнына салынатын тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысты түсініктеме берді.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский