11 Мамыр 10:19
...

Алматыда Наурызбай ауданының бюджеті 3 есеге артты

Фото:

Алматының аудандық әкімдіктерінің өкілеттіктер артып, дербестікке ие болды. 1 сәуірден бастап оларға 15 жаңа функция берілді. Сонымен қатар, бюджеті артты.

Алматы, NEGE. Наурызбай ауданында ол 4,4 млрд теңгеден 13,1 млрд теңгеге дейін – 3 есеге өсті. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты.

Бұл әкімдіктерге тұрғындардың өтінішін дереу қарастыруға және ауданның мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.

«Осы жылдың өзінде аудан тұрғындары осы өзгерістердің оң әсерін сезінеді деп сенемін», - деді қала басшысы.

Сонымен қатар, маусым айында Алатау даңғылының бойынан магистралды су құбыры мен каскадты насос станциясының құрылысы аяқталады. Бұл 35 мың тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде айтты.

«Ақсай негізгі су көзінің құрылысы аяқталғанға дейін Ақжар шағын ауданының 35 мың тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін осы жылдың наурыз айында біз Алатау даңғылының бойынан магистралды су құбыры мен каскадты насос станциясының құрылысын бастадық. Бұл жобаны биыл маусым айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді ол. 

Сонымен қатар, қазір Ақжар, Қарағайлы, Тастыбұлақ және Таусамалы сияқты 4 шағын аудандарда сумен қамту және кәріз желілерін жобалау жұмыстары жалғасуда. 2025 жылдың соңына дейін 335 км сумен қамту және кәріз желілері салынады. Бұл Наурызбай ауданының тұрғындарын сапалы және үздіксіз сумен қамту мәселесін шешеді.

Алматының Наурызбай ауданының барлық шағын ауданында 200 көшені қамтитын 55 мың шаршы метр жолды жөндеу жоспарланған. Бұл туралы қала тұрғындарымен кездесуде әкім Ерболат Досаев мәлімдеді. Ол биылдан бастап жолдарды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізіп жатқанын атады. Биыл жөндеу жұмыстарының сомасы 500 млн. теңгеге дейін көбейеді.

Бұған қоса, мамыр айында Ақжар және Шұғыла шағын аудандарындағы 25 көшеде 6 км жол, Ақжар, Қалқаман, Таусамалы, Абай саяжайлары мен Шұғыла шағын аудандарындағы 10 көшеде 3 км тротуар салу басталды. 16 көшедегі 14 км жолды орташа жөндеуден өткізіледі. Бұл жұмыстарды 2023 жылдың қараша айында аяқтау көзделіп отыр.

Тегтер: