USD
USD
USD

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға 12 мамырда 16:00 шамасында Алматының Медеу ауданында болған.

"Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысында басына дулыға кимеген мопед жүргізушісін байқап қалдық. Тоқтау туралы бұйрықты орындамады. Керісінше, жоғары жылдамдықпен жеке сектор арқылы жасырына бастады. Сонымен қатар ол жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірді. Қуыс көшеде мопедті жаяу қуа бастадым. Мопедист артқа бұрылып, әдейі маған қарай жүрді. Соқтығыспау мүмкін емес еді. Мен құладым. Ал мопедист көлік құралын басқара алмай, кедергіге соқтығысты. Содан кейін ол ұсталды", - деді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Жәнібек Оразбаев.

Құқық бұзушы жеткізуші компаниялардың бірінің 23 жастағы курьері болып шықты. Полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы және полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбау деректері тіркелді. Мопед жүргізушісі ҚР заңнамасына сай жауапкершілікке тартылады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank