USD
USD
USD

Алматыда митинг өтіп жатыр

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды. Бұл рәсім үрлемелі аспаптардың әскери ансамблінің музыкалық сүйемелдеуімен өтті. Бұдан кейін бұл жиын Тәуелсіздік монументі жанында митингке ұласты. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісі хабарлады. 

Алматыда митинг өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы алаңында санкция берілмеген митинг басталды. Монумент жанына шамамен 50 шақты адам жиналған. Оның ішінде 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысқандар, қоғам белсенділері, саясаткер Жанболат Мамай бар. 

«16-17 желтоқсан – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан құрбандарды және Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алу күні. Бұл екі күн ұлттық аза тұту күні деп жариялануы тиіс деп ойлаймыз.   Ал Тәуелсіздік күні 25 қазан болуы керек. Осы күні Тәуелсіздік туралы декларация қабылданды», – деді Ж.Мамай.Бұдан кейін құрбандарға дұға бағышталды. 

Қазір оқып жатыр

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық