USD
USD
USD

Алматыда миллион ағаш егіледі

Алматы

Алматыда миллион ағаш егіледі
Фото: NEGE.kz

да үш жыл ішінде миллион ағаш отырғызылуы мүмкін. Бұл мәселе әкімдіктің қаланы жасылдандырудың шеберлік-жоспарының жобасын қараған жұмыс жиынында көтерілді.  

Алматы, NEGE. Әкімдік баспасөз қызметінің дерегінше, қаладағы жасыл желектің жалпы көлемі бір адамға шаққанда небәрі 894 га – 4.8 шаршы метр екен. Ал, сонау 70-80 жылдары бұл көрсеткіш 10 шаршы метрге жеткен екен. Жасыл желек көлемінің азаюы қала көлемі мен адам санының артуына да байланысты.

Айта кетерлігі, соңғы үш жыл ішінде 134 мыңға жуық ағаш отырғызылған. Биыл отырғызылғаны – 140 мыңға жуық.

Ағаштар мен  бұтақтар отырғызудың пайдасы шаш етектен. Яғни, жасыл желектің арқасында 118 млн келі оттегі пайда болады, қаланы жасылдандыру аймағы 5000 шаршы метрге дейін жетеді, жол жиегіндегі шудың деңгейі  40%-ға, жасыл аймақтан 1 шаршы метр радиустағы шаң деңгейі 75%-ға төмендейді.

Сонымен қатар, қаланы абаттандыру деңгейі артады, демалыс  аймақтары, скверлер мен саябақтар пайда болады. «Қаланы жасылдандырудың барлық жұмысы бірыңғай жүргізіліп, ағаштарды стихиялы түрде отырғызуға немесе қиюға болмайды. Біз сондықтан шеберлік-жоспарын әзірлеудеміз», – деді Б.Сағынтаев.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп