USD
USD
USD

Алматыда метросына қосымша жылжымалы құрам қосылады

13 ақпаннан бастап Алматының метрополитен желісінде қосымша жылжымалы құрам іске қосылады.

Алматыда метросына қосымша жылжымалы құрам қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа құрам қосылған соң қозғалыс аралығы қарбалас сәтте 6 минут 12 секундке дейін қысқарады.

2022 жылы екі жаңа станция қолданысқа берілді. Солай, жолаушылар саны шамамен екі есеге артып, 85 мыңға жетті. Қазір 938 адам сиятын 4 вагонды жылжымалы құрам қатынап жүр.

Бұған дейін Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын әзірлеушілер қоғамдық көлікті дамыту перспективалары туралы айтқан болатын.

Бас жоспарға сәйкес 2040 жылға қарай метро желісінің ұзындығы 32 шақырымға жетпек. Бүгінгі таңда қолданыстағы желі 13 шақырымды алып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар