USD
USD
USD

Алматы метро желісін салу кезінде 5 млрд теңге жымқырылған

Алматы метро желісін салу кезінде 5 млрд теңгені жымқыру ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды бас көлік прокуратурасы.

Алматы метро желісін салу кезінде 5 млрд теңге жымқырылған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Күдіктілер Алматыдағы метрополитенінің жаңа желісін салу кезінде ауқымды басқару функциясына ие болған. Дәл осы өкілеттіктерді пайдаланып, олар 5 млрд теңгені жымқырған. Ол үшін күдіктілер жалған баға ұсыныстарын жинақтап, солардың негізінде құны 10 есе жоғары болатын құрал-жабдықтарды сатып алуға смета жасады. Бүгінгі таңда қылмыстық іс сотқа жолданған», - делінген хабарламада.

"Метрополитен" КМК бұрынғы басшылығы, сондай-ақ мердігер ұйымдар - "Алматыметроқұрылыс" АҚ және "Автоматтандыру және технологиялар сервисі" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты істі тергеу аяқталды. Іс Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы ("Бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде иемденіп алу немесе жымқыру") және 216-бабының 3-бөлігі ("Қылмыстық топтың жұмыстарды, қызметтерді нақты орындамай, тауарларды жөнелтпестен шот-фактура беру") бойынша тергелді.

Тергеу мәліметі бойынша, жымқырылған қаражатты "жалған кәсіпорындар" арқылы қолма-қолға айналдырды. Жымқырған ақшаны қайтару үшін үш қымбат пәтерге, Алматы қаласындағы бір кеңсеге, Алматы облысындағы жер учаскесіне, люкс автокөліктеріне, брендтік сағаттарға және күдіктілердің басқа да бірқатар активтеріне тыйым салынды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентіне тағы 30 жыл жаза кесілді

 Юн Сок Ёль

Алматыдағы «Байсат» базары әкімдік меншігіне өтуі мүмкін

Байсат

ЕҰУ профессоры Президентке видеоүндеу жолдап, тұрғын үй дауына байланысты көмек сұрады

.

PhD-докторанттар енді грантты мектептерде жұмыс істеп те өтей алады

Докторанттар