USD
USD
USD

Алматыда металл өңдеу цехы өртенді

Алматыда түрлі-түсті металды қайта өңдеу цехынан өрт шықты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Алматыда металл өңдеу цехы өртенді
Фото: NEGE.kz

Алмаьы, NEGE. Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, 15 шілдеде таңғы сағат 06:59-да өрт сөндіру бөліміне Әуезов ауданының тұрғынынан Райымбек даңғылы, 348 мекенжайында өрт шыққаны туралы ақпарат түскен.

"Оқиға орнына 6 минутта келген өрт сөндіру бригадасы түрлі-түсті металды қайта өңдеу цехында электр трансформаторының жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын цех төбесіне таралып үлгерген. Алдын ала ақпарат бойынша өрт 150 шаршы метр жерді шарпыған", – деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше өрт 08:57- де оқшауланды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт