USD
USD
USD

Алматыда мешіттер қашан ашылады

Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев онлайн брифинг барысында мешіттерді кезең-кезеңмен ашу жоспарланып отырғанын жеткізді. 

Алматыда мешіттер қашан ашылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанда карантин жеңілдетілді: Бүгіннен бастап бизнес локдауннан шығады Демалыс күндері қандай нысандардың жұмысына тыйым салынады Елордада жабық ғимараттағы мейрамхана, барлардың жұмысына рұқсат беріледі Карантин алынады, елордалықтар қандай талапты сақтау тиіс Оның айтуынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттердің толымдылығын 30 пайыздан асырмай, бір келушіге 4 шаршы метр талабын сақтай отырып, мешіттерді кезең-кезеңімен ашу туралы ұсыныс жасады. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы мәселеге байланысты құзыретті мекемелерге карантин талаптарын сақтай отырып, мешіттерді қайта ашу тұралы ұсыныс берді. Өткізген келіссөздерде ҚМДБ-ның ұсынысы мақұлданды. Мешіт толымдылығын 30 пайыздан асырмау, бір келушіге 4 шаршы метр талабын сақтай отырып, мешіттерді кезең-кезеңімен ашу талқылануда. Мешіттер жақын күнде қайта ашылады деген үлкен үміт бар», – дейді Ермек Көкірекбаев.

Сонымен қатар, ол егер мешіттердің жұмысы жанданатын болса, санитарлық талаптар толық сақталатынын жеткізді. «Қаладағы барлық мешіттерге дезинфекция жұмыстарын жүргізу туралы тапсырмалар берілген. Демеушілердің көмегімен қазір дезинфекция жасайтын құрылғылар сатып алынды, яғни мешіттер қауіпсіздік шараларына сақадай сай отыр», – деп қортындылады Орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай