USD
USD
USD

Алматыда мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді?

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жүретіні белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы қалалық мобилділік басқармасы.

Алматыда мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 31 желтоқсанда қоғамдық көлік әдеттегідей сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

1 қаңтарда жылжымалы бірліктің 50 пайызы жолға шығарылады. 2, 3 қаңтар күндері қоғамдық көлік мереке күнінің кестесімен жұмыс істейді, яғни автобустар мен троллейбустардың 70 пайызы қызмет көрсетеді.

№3 түнгі маршруттың жұмыс кестесі сағат 23:00 мен 06:00 аралығында болып өзгеріссіз қалады. Медеуге қатынайтын №12 маршрутта түнгі сағат 00:30-ға дейін 20 автобус автобус жүретін болады.

Метро штаттық режимде сағат 06:20-дан сағат 00:00-ге дейін мереке күнінің кестесімен 12-15 минуттық интервалмен жұмыс істейтін болады.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков