USD
USD
USD

Алматыда медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу үшін 5,5 млрд теңге  бөлінді

 Алматы қаласында коронавирус эпидемиясына қарсы шараларға 9 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Оның 5,5 миллиард теңгеден астамы коронавирусқа қарсы күресіп жатқан денсаулық сақтау нысандары қызметкерлерінің жалақысына қосымша үстемеақы ретінде қарастырылған.

Алматыда медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу үшін 5,5 млрд теңге  бөлінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қордың хабарлауынша, вирусқа қарсы күреске жұмылдырылған медицина нысандарының тізімін Алматы әкімдігіндегі арнайы комиссия бекіткен. Тізімге сәйкес, сәуір айы үшін медицина мамандарына төленетін үстемақы 1,5 миллиард теңгені құрады. «Маусымның 1-дегі мәлімет бойынша, алматылық 5398 медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы ретінде 1,5 миллиард теңге төленді. Қазіргі таңда қалада эпидемияға қарсы іс-шараларға 86 денсаулық сақтау нысаны жұмылдырылған. Еске сала кетсек, қосымша төлемдер денсаулық сақтау саласы қызметкерінің өміріне төндіретін қауіп деңгейіне қарай төленеді» , – деді ӘМСҚ Алматы филиалы басшысы Тілеухан Әбілдаев.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда онлайн алуға болатын медициналық қызметтер саны артады

медициналық қызмет

Солтүстік Кипрде супермаркетте қазақстандық қыз пышақ жарақатын алды

оқиға орны

Қарағандыда «балгерлерге» сенген зейнеткер 15 млн теңгесінен айырылды

алаяқтық

Алматыда төрт құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Құрылыс компаниялары