Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда медицина қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырған

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырып кеткен. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне анасы шағымданған.

Алматыда медицина қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Facebook қолданушысы 14 жастағы ұлының Горький атындағы паркте сырғанап жүріп құлап қалғанын жазды.

«Бала паркке досымен барған. Қатты соққыдан бала есінен танып қалған», - деді ол.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем бала мен оның досын 12 қалалық ауруханаға алып кеткен. Ауруханада жедел жәрдем қызметкерлері баланың телефонынан ЖСН нөмірін алып аурухананың ауласында қалдырып кеткен.

«Досының айтуынша, оларды аурухана қабылдамаған. Себебі, баланың жасы 15-ке толмаған. Фельдшер оларға балалар ауруханасына баруға кеңес берген. Осылайша басы жарылған кәмелетке толмаған баланы көшеде қалдырып кеткен», - деді анасы.

Балалардың қалтасында артық қаражат болмаған. Олар үйіне жаяу жеткен.

«Үйге келген соң жедел жәрдем шақырдым. Олар келіп баланы №1 балалар стационарына алып кетті. Сол жерде жарақатын тігіп, ауруханаға жатқызды», - деді анасы.

Осы мәселеге байланысты баланың анасы полицияға шағымданған. Қалалық Жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінде бұл ақпаратты растады.

«Бұл дерек бойынша барлық дерек жинақталды. Бүгінде фельдшерге қатысты тәртіптік кеңес өткізілді. Фельдшер 2 жыл жұмыс істеп жатыр. Мінез құлқы сабырлы. Өз айыбын мойындады. Комиссия шешіміне сәйкес тәртіптік шара қолданылды», - деді жедел жәрдем қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Түркияда «Сүлейменшілер» діни қозғалысының жетекшісі қамауға алынды

Алихан Күріш

«Әкемнің көзқарасын ешқашан қолдаған емеспін»: Бейбіт Әлібеков мәлімдеме жасады

.

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.