USD
USD
USD

Алматыда Медеу-Шымбұлақ жолында көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда "Медеу-Шымбұлақ" жолының қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды  Алматы әкімдігінің телеграм-арнасы.

Алматыда Медеу-Шымбұлақ жолында көлік қозғалысы шектеледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Биыл 25 қазанынан бастап "Медеу-Шымбұлақ" жолындағы тас құлауының салдарын жою жұмыстары басталды. Жұмыс жүргізу кезінде автокөліктердің қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелді", - делінген хабарламада.

Жоба шеңберінде аумақтарды тас құлауынан және көшкіннен инженерлік қорғау, жартасты және жол беткейлерін нығайту, беткейлерден топырақ пен тастарды түсіру және жинақтаушы тосқауылдарды тазарту жұмыстары жоспарланған. Жұмысқа шамамен 11 бірлік техника мен 50 адам тартылатыны айтылды.

"Сонымен қатар, тау шаңғысы курорты мен кәсіпорындарының қызметкерлері үшін өткізу режимінің кестесі қалыптастырылады. Қозғалыс туралы ақпарат әр ұйымның басшылығында қол жетімді болады.

Жобаны іске асыру екі кезеңге есептелген. Негізгі жұмыстар келесі жылға жоспарланған", - делінген әкімдік хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton