USD
USD
USD

Алматыда Медеу және Алатау аудандарында ыстық су болмайды

Алматыда Медеу, Алатау аудандарындағы ғимараттардың бір бөлігі уақытша ыстық судан ажыратылады.

Алматыда Медеу және Алатау аудандарында ыстық су болмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2023 жылғы 4 тамызда сағат 09.00- ден 20.00- ге дейін Медеу ауданының аумағында Сәтбаев – Достық-Тайманов-Назарбаев көшелерінің контурында, сондай-ақ Самал-1, Самал-2 және Самал-3 ықшам аудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға ыстық су болмайды.

Жылу желілерін қайта құрылымдау кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізіледі», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 2023 жылғы 7-21 тамыз аралығында Алматы қаласы Алатау ауданының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын және өзге де ғимараттарды ыстық сумен жабдықтау «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шектеледі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты