USD
USD
USD

Алматыда Mazda көліктерін ұрлап жүргендер ұсталды

Алматыда Mazda көліктерін ұрлап жүргендер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда Mazda көліктерін ұрлап жүргендер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысы Қарасай ауданының үш тұрғыны 9 көлік ұрлығына қатысты деген күдікпен ұсталды.

– Қазіргі уақытта анықталғандай, 23 жастағы Қарақалпақстан тумасы мен оның 22 және 28 жастағы екі сыбайласының мойнында көлік ұрлау бойынша 9 дерек бар. Үштік Mazda автокөліктерін ұрлауға маманданған. Көлік ұрлағандарды әшкерелеу және ұстау іс-шарасын патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргіздік. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер 23 жастағы Я.есімді азамат, оның сыбайласы 22 жастағы туған К.есімді азамат және ұрланған көліктерді сатып алушы 28 жастағы Д.есімді азамат ұсталды. Олар бұрын сотталмаған. Өз кінәларын бірден мойындады. Тергеу іс-шаралары барысында 4 көлік табылды, олар айғақты зат ретінде қылмыстық іске қосылды, ал қалғандары қайта сатылған немесе қосалқы бөлшектерге бөлшектелген, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Ұрланған көліктердің тұрған жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу барысында қылмыскерлер қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108 долларға жетті

мұнай бағасы

ҚМГ ауруханаға берген 131 млн теңге «жымқырылған»: Жаңаөзенде экс-шенеунік тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті