USD
USD
USD

Алматыда маска сататын дәріханаларға бейнебақылау камералары орнатылады

Алматыда маска бағаның негізсіз көтерілуі анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.

Алматыда маска сататын дәріханаларға бейнебақылау камералары орнатылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арлан Қалуетов онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

Брифинг барысында азық-түлік пен дәріханалардағы маска бағасына бақылаудың күшейтілгені де айтылды. Қарапайым масканың бағасы 87 теңге деп бекітілсе, көмір фильтрлі маска 111 теңгемен сатылуда.

«Ол үшін Алматыда 48 дәріхана белгіленіп, барлығына бейнебақылау орнатылды. Бейнебақылаудағы жазба бір айға дейін сақталатын болады. Бағаның негізсіз көтерілуі анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады», - деді Бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арлан Қалуетов.

Оның айтуынша, мегаполисте монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, бүгінде қалада фитнес, спа-салондар, сұлулық салондары мен қоғамдық моншалар жұмысын толық тоқтатты.

«Біздің департамент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді шараларды қолға алды. Бетперденің бағасын негізсіз көтеру фактілері бойынша департамент тарапынан нарық субъектілеріне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл бойынша бізге келіп түскен шағымдар көп», – деді ол.

 

Қазір оқып жатыр

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком

Қазақ және мыс. Владимир Ким НЕГЕ ақша санауда?

Казақмыс