USD
USD
USD

Алматыда LRT салуға қанша қаржы керек?

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада бой көтеруі мүмкін жеңіл рельсті көлік жобасының құнын атады.

Алматыда LRT салуға қанша қаржы керек?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Иә, бұл мәселе көп адамды алаңдатады. Бірақ біз бірінші кезекте мынаны түсінуіміз керек. Жоба жол ортада тоқтап қалмайтынына сенімді болмайынша, оны бастай алмаймыз. LRT-ні кез келген уақытта сала аламыз. Бірақ мәселе қандай ақшаға салынатынында. Мысалы, құрылыс-монтаж жұмыстарының құны шамамен 300 миллион долларды құрайды десек, бюджеттің өзі мұндай жобаны көтере алмайды. Ал сырттан ақша тартсақ, 50 пайызын бюджет, 50 пайызы серіктес компания өз мойнына алуы керек. Әрине, ақша сырттан шетелдік валютамен тартылады. Ал оның тәуекелі орасан. Ертең қалай қайтарамыз? Жоба аяқталғаннан кейін миллиард долларды қайтару керек болады. Оның жолы қандай болады? Сондықтан біз мәселенің осы қырын жіті пысықтап жатырмыз», - деді әкім.

Оның айтуынша, Үкімет те қаладағы метро құрылысын аяқтап алмай жатып, LRT салу тиімсіз деген ұстанымын білдерген.

«Біз Үкіметпен ақылдастық. Олар метро мен жеңіл LRT сияқты екі ірі жобаны бір мезгілде жүргізу қиын болатынын айтып отыр. Әуелі метро салынып бітуі керек. LRT-ні содан кейін ғана қолға алуға болады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Қазір оқып жатыр

LRT құрылысы: Астананың екі көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Астана

Вячеслав Ким Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмен атанды

Вячеслав Ким

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов