Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда «L-Капитал» компаниясының негізін қалаушы ұсталды

Алматы полицейлері «L-Капитал» компаниясының негізін қалаушыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда «L-Капитал» компаниясының негізін қалаушы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласының ПД Тергеу басқармасының мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1962 жылы туған азаматша ұсталды. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған компания салымшыларының ұжымдық мәлімдемелеріне сәйкес, ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын бұрын хабарлаған едік. Ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды. Компания кеңселерінде санкцияланған тінтулер жүргізілді. Толықтық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттерінің кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Новороссийск портында қазақстандық мұнай қайта тиеле бастады

мұнай

Қазақстанда соңғы жылдары алғаш рет интернет-алаяқтық саны төмендей бастады

Интернет-алаяқтық

Аутизмді «емдейміз» деп ақша алады: Қазақстанда мұндай орталықтарды кім бақылайды?

.

Оралда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Спартакиада өтіп жатыр

Спартакиада