USD
USD
USD

Алматыда ЛГБТ қауымдастығына қарсы аналар митинг өткізбек

ЛГБТ қауымдастығына қарсы аналар Алматы әкімдігінің алдына барып, талаптарын қойды, деп хабарлайды  "Информбюро".

Алматыда ЛГБТ қауымдастығына қарсы аналар митинг өткізбек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бір жынысты қарым-қатынасты насихаттап жүрген топ өкілдерінің көзқарасы толық қалыптаспаған жастардың санасын улап жатыр деген олар дәл 1 маусым - балаларды қорғау күні қарсылық акциясын ұйымдастыруды жөн көріпті.

Ата-аналар одағы мүшелерінің бас қосып, әкімдікке келуіне Шымкент қаласындағы даулы оқиға да себеп болған. Яғни олар, бір жынысты қарым-қатынасты ашық не жасырын насихаттауға заңмен тыйым салыну керек деп есептейді. Әрі, ЛГБТ өкілдерін қорғайтын қосымша заң қабылдау - ел тамырына балта шабумен пара-пар деп отыр. Себебі бұған дейін түрлі мағынадағы ұран жазып, шеру өткізгенде арасында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер де болды дейді. Ата-ана бұл әрбір бозбала мен бойжеткенге бейсаналы түрде әсер етіп, қабылдауын өзгертуі мүмкін деп қорқатындарын айтады.

Әкімдік алдына жиылған бір топ ананың талабын тыңдауға шенеуніктер де шықты. Сөйтіп, ата-аналар одағының мүшелері 2 шілде күні бейбіт митинг өткізуге өтініш қалдырды.

"Бұл мәселе парламентте көтерілуі керек. Бұл мәселені тоқтату керек. Біз оларды көшіріп тастаңдар, шығарып тастаңдар, қамап тастаңдар, өлтіріңдер деп жатқан жоқпыз. Тек қана бізге мына ашық және жасырын түрдегі насихаттарын доғарсын, тоқтатсын", - деді Ата-аналар одағының мүшесі Бағила Балтабаева.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Полиция