USD
USD
USD

Алматыда квазимемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті

Кеңеске Алматы қаласының квазимемлекеттік ұйымдарының басшылары, мемлекеттік органдар мен ірі ұлттық холдингтердің өкілдері қатысты.

Алматыда квазимемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгінде Алматы қаласында квазимемлекеттік ұйымдардың ең көп саны орналасқан. 2020 жылдың басынан бері квазимемлекеттік сектордың 420 ұйымында қызметі корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған комплаенс қызметі құрылды.

Іс-шараны аша отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Превенция қызметі басшысының орынбасары Жігер Байділдин корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нәтижелерге қол жеткізу үшін комплаенс қызметтеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мүдделер қақтығысын жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуді қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

Тәжірибе көрсеткендей, көптеген ұйымдар тек комплаенс құрумен немесе кадрлық және құқықтық қызметтерге міндеттер жүктеумен шектелді, сондықтан бұл жаңа институттың негізгі мақсаттарына қол жеткізілмеді.

Осы кемшіліктерді жою үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің үлгілік ережесін әзірлеуде.

Сондай-ақ, кадр тапшылығын жою үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру шеңберінде комплаенс-мамандарды даярлау бойынша жеке мамандық енгізілуде.

"Комплаенстің тиімді қызметін іске асыру мәселелері біздің ерекше бақылауымызда. Қазіргі уақытта комплаенс қызметтерінің жұмысына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаулардың сапасына жіті назар аударылуда", - деп Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Әсет Нұрпейісов іс-шара барысында атап өтті.

Соңында комплаенс институтын сәтті іске асырған бірқатар ірі компаниялардың өкілдері кездесуге қатысушылармен өздерінің оң тәжірибелерімен бөлісті.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков