USD
USD
USD

Алматыда күзде 298 мың ағаш отырғызылады

Алматыда 20 қыркүйектен бастап күзгі ағаш отырғызу басталады. Қазір көгалдандырушылар технология бойынша тал еккенге дейін 5-10 күн желдетілуі керек шұңқыр қазып, топырақты дайындап жатыр.

Алматыда күзде 298 мың ағаш отырғызылады
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Алатау ауданында 207 мың ағаш отырғызылады. Бұл ауданда ауқымды көгалдандыруға индустриялық аймақтың және санитарлық аймақтың аумағы-ЖЭО-2 маңындағы қорғаныс аймағы, Қарасу алаңы, Мөңке би көшесінің оңтүстігіндегі аумақ, сонымен бірге магистральдық көшелер мен жаңа шағын аудандардың аула аумақтары бойындағы учаскелер кіреді.

Бас ботаникалық бақ пен ғылыми аграрлық университет мамандарының ұсынысымен көшелер бойына жалпақ жапырақты шегіршін, емен, үйеңкі, шаған, терек, ал саябақтар мен гүлзарларға - сәнағаш, қайың, акация, шырша және жеміс (алма, шие, алмұрт, өрік) ағаштары отырғызылады. Ағаштың бұл түрлері тығыз және саялы ағашқа айналып, ластанған ауа ағынын жақсы ұстайды.

Негізінен аталық терек сатып алынады, бұл терек мамығының азаюына және тұрғындар арасында маусымдық аллергия деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

2023 жылы 320 мың ағаш егу жоспарланған, соның 22 мыңы көктемде отырғызылды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс