USD
USD
USD

Алматыда курсантқа оқ тиді

Алматыдағы Құрлық әскерлері әскери институтында орын алған оқиғаға қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді.

Алматыда курсантқа оқ тиді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқыс оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде пайда болды.

20 шілдеде Құрлық әскерлері әскери институтында диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жаттығу кезінде курсанттардың бірі қаруды пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтамауына байланысты автоматтан оқ атылды. Атылған оқ басқа курсанттың аяғына тиген. Жәбірленуші жедел түрде Алматыдағы Әскери клиникалық ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Курсанттың денсаулығына қатты қауіп төніп тұрған жоқ. Оқыс оқиға туралы ата-аналарға хабарланды, делінген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі түсініктемесінде.

Құзырлы ведомства қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев