USD
USD
USD

Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты

Алматыда тұрғын үй ауласы ортасында құрылыс краны құлап, салдарынан бір адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "20 жылдан аса уақыт бойы аулада құрылыс жүріп жатыр. Біз қанша рет жаздық, тоқтатып тастады, содан кейін қайта бастады. Мұнда кран тұрды. Кранның бір бөлігі үйлерге қарсы тұрды. Бізге түсе ме деп қорқып, бірнеше рет жаздық. Міне, ақыры құлады. Адам қаза болды. Ол кран астында қалып қойған", - дейді жақын маңдағы үй тұрғыны.

Тұрғындардың айтуынша, оқиға салдарынан құрылыс қызметкерлерінің бірі қаза тапқан.

"Ол - жұмысшы, ал кран құрылыс алаңына құлады. Дәл олардың қоршауының маңында ойын алаңы бар, онда балалар дәл сол кезде ойнап жүрді. 20 минут бұрын болды. Жедел жәрдем келді. Бір адам жарақат алды, оған көмек көрсетілді, басын таңып тастады. Өкінішке қарай, екіншісін құтқара алмады... Бәрі түсінікті. Мұның бәрі біздің көз алдымызда, аулада болды", - деді тұрғындардың бірі.

Алматы Полиция департаменті адам өлімі туралы ақпаратты растады.

"Бүгін сағат 17.42-де құрылыс нысанының слесары, 1989 жылы туған Б. есімді азаматқа кран құлап, қаза болғаны туралы хабарлама келді. Қазір жедел-тергеу тобы тергеуге кірісті. Сараптамалар жүргізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді құқық қорғау органдары өкілі.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу