USD
USD
USD

Алматыда құрылыс алаңында кран құлады

Алматы қалалық өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің мәліметінше, төтенше жағдай Түрксіб ауданында болған.

Алматыда құрылыс алаңында кран құлады
Фото: NEGE.kz

Аcтана, NEGE. «Жас қанат» шағынауданында орналасқан «Рембус» ЖШС құрылыс объектісінде салынып жатқан 9 қабатты ғимараттың парапетіне КБ-308 рельсті мұнара краны құлады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Кранның меншік иесі - «КБК» ЖК. Шарт бойынша кран «Мелиоратор» ЖШС-не жалға берілді.

Департамент таратқан мәліметке сәйкес, былтыр наурыз айында «Жетысу өнеркәсіптік қауіпсіздік» ЖШС кранның мүмкіндігін, оны одан әрі пайдалануды анықтауға сараптама жүргізген.

«Сөйтіп, кранды пайдалану мерзімі 2023 жылдың наурызына дейін ұзартылды. Биылғы 11 ақпанда «Мелиоратор» ЖШС хатына сәйкес кранды ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің маманы іске қосты. Қазіргі уақытта департаментте мұнара кранының құлауын тексеру жөніндегі комиссия құрылды. Тергеу нәтижесін қосымша хабарлаймыз»,- деп атап өтті ведомствадан.

 

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер